28 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласындағы «Барыс-Арена» спорт кешенінде аралас жекпе-жектен M-1 Challenge 102 халықаралық турнирі өтеді.

Турнир аясында әлем чемпионы атағы үшін бірден үш жекпе-жек өтеді. Жартылай орта салмақтағы Шавкат Рахмонов Алматыда өткен M-1 Challenge турнирінде чемпиондық белбеуді жеңіп алған болатын. Енді ол Нұр-Сұлтан қаласында өтетін турнирде чемпиондық атағын сақтап қалуды көздеп отыр. Ол Бразилиядан келген спортшы Тьяго Варежао Ласердамен кездеседі.

2017 жылы өткен M-1 Challenge турнирінде жартылай жеңіл салмақта жанкүйерлердің есінде Виктор Колесников пен Нэйт Ландвери арасындағы жекпе-жегі қалған болатын. Тоқтаусыз қарсыласудың үш раундынан кейін жеңіске америкалық спортшы жеткен еді. Енді ескі қарсыластар қайтадан кездесіп, 2017 жылғы жекпе-жекті ел есіне салмақ.

Жеңіліп көрмеген Александр Осетров M-1 Challenge рейджінде алты жекпе-жектің бесеуінде жеңіске жеткен. Оның қарсыласы - Сергей Морозов. Қос спортшы жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуді сарапқа салады.

Аралас жекпе-жек кешінде жанкүйерлерді әр елден келген спортшылардың қатысуымен өтетін 13 жекпе-жек күтіп тұр.