Twitter-дің микроблог жүйесінің әкімшілігі қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің парақшасын қайта іске қосты.

«People's The People's Champ is back (Халық чемпионы қайта оралды)», – деп жазды боксшы твиттердегі бір апталық үзілістен соң.

Айта кетейік, 13 маусым күні жүйенің ережесін бұзғаны үшін Геннадий Головкиннің парақшасы бұғатталған болатын. Алайда дәл қандай ереже бұзғаны туралы ақпарат шықпады.