Өткен сенбіде Мәскеудегі «Алабино» полигонында танкалық биатлоннан әлем чемпионаты өтіп, біздің команда үздік үштікті түйіндеді.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми сайты хабарлады. Сайысқа жалпы 12 ел қатысты: Ангола, Армения, Белорусь, Венесуэла, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Кувейт, Моңғолия, Ресей, Сербия. 

«Чемпионаттың қорытындысы бойынша қазақстандық команда алдына Ресей мен Арменияны жіберіп, үшінші орын алды», - делінген хабарламада.