Америкалық аралас жекпе-жек шебері Дастин Порье жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедпен кездесуі алдында өзінің пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Мен Хабибті ұрып қана қоймай, оның жеңіліссіз сериясын тоқтатамын», – деді 30 жастағы Порье.

7 қыркүйек күні Абу-Дабиде өтетін UFC 242 турнирінің басты кездесуінде Хабиб Нурмагомедов пен Дастин Порье кездеседі.

Аталмыш турнирге Хабиб және Порьемен қатар, Майрбек Тайсумов, Зубайра Тухугов және Абубакар Нурмагомедов те қатысады.