УЕФА бұрынғы президенті және Франция құрамасының аңызы Мишель Платини тұтқындалды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты The Sun порталына сілтеме жасап.

63 жастағы Платиниге Катарда өтетін әлем чемпионаты-2022 өткізу құқығын сатты деген айып тағылды.

Еске салайық, осыдан төрт жыл бұрын ФИФА президенті Зепп Блаттер мен УЕФА басшысы Мишель Платини аталмыш ұйымның 2 млн Швейцария франкын жымқырды деген айып тағылған болатын. Халықаралық футбол федерациясының Этика комитеті оларды 8 жылға футболдан шеттетті. Кейін шеттетілу сегіз жылдан алты жылға ауыстырылды.