18-24 маусым аралығында Тайландтың Паттая қаласында көркем гимнастикадан Азия чемпионаты өтеді. Аталған бәсекеден қазақстандық гимнастар да сырт қалмайды.

Жекелей сында Қазақстан атынан Адиля Тілекенова, Даяна Әбдірбекова, Роза Абитова және Айдана Шәкенова өнер көрсетеді. Топтық жаттығуда Джессика Будник, Регина Сұлтанова, Даяна Жақыпова, Жанерке Дәулетқұлова, Дария Шарафиденова және Сағина Мұратқызына сенім артамыз.

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері - Әлия Юсупова.