Бразилия жерінде өтіп жатқан Америка кубогы топтық кезеңінің бірінші туры аясында Чили мен Жапония құрамасы кездесті.

Матч Чили футболшыларының айқын басымдылығымен аяқталды. Есеп - 4:0. Турнирге Азия құрлығынан барып қатысып жатқан жапондар қарымды қарсылық көрсете алмады.

Гол соққандар: Эрик Пульгар, Алексис Санчес, Эдуардо Варгас (дубль).

Айта кетерлігі, клубтық матчтарда өте нашар өнер көрсетіп жүрген Санчес бүгін бір гол соғып, бір голдық пас берді.