Қыркүйектің 1-і мен 11-і аралығында өтетін Түркмения Президентінің кубогы додасына Қазақстан жасөспірімдер құрамасы қатысады. деп хабарлайды футбол федерациясының ресми сайты.

Турнирге 1998 жылғы жеткіншектерден құралған Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-17) да қатыспақ. Осыған орай 22-30 тамыз аралығында ағғ бапкер Константин Фролов Талғарда оқу-жаттығу жиынын өткізіп, дайындықтарын пысықтайды.

 

Қазақстан жасөспірімдем құрамасы:

Қақпашылар: Данил Подымский («Қайрат»), Әкежан Қасыманов («Қайрат»);

Қорғаушылар: Әлібек Қасым («Қайрат»), Кирилл Алексеев («Шахтер»), Асқар Мақышев «Шахтер»), Бақдәулет Рысбеков («Ордабасы»), Қайсар Майраш («Тараз»), Мәди Айторе («Қайрат»);

Жартылай қорғаушылар: Әлішер Сағынов («Астана»), Рамазан Оразов («Қайрат»), Геворг Наджарян («Шахтер»), Ниязбек Шұғаев («Шахтер»), Ахмат Береков («Тобыл»);

Шабуылшылар: Наурызбек Жагоров («Атырау»), Бахтиёр Зайнутдинов («Тараз»), Әділжан Жақсыбай («Ақтөбе»), Шыңғыс Саменов («Ордабасы»), Жандос Солтанов («Қайрат»), Оралхан Өміртаев («Шахтер»), Роман Самойлов («Энергетик»).

 

Жоғарыда аталған футболшылардың бірі қандай да бір жағдайларға байланысты құрама жиынына келе алмайтын болса, онда олардың орындарын резервтегі футболшылардың бірі басады:

Қақпашылар: Әділет Махан («Ордабасы»), Рустам Сәрсембаев («Тараз»);

Қорғаушылар: Иван Фромич («Ертіс»), Рустам Кәзімов («Шахтер»);

Жартылай қорғаушылар: Адам Адахаджиев («Энергетик»), Никита Коряков («Қайрат»), Ақсұлтан Асаинов («Астана»), Жандос Қуандықов («Тараз»), Елдар Зарипов («Шахтер»);

Шабуылшылар: Алтынбек Төлеев («Ордабасы»), Олжас Ақылбеков («Ордабасы»).

 

Бапкерлер алқасы:

Константин Фролов – аға бапкер, Сергей Поленов – аға бапкердің көмекшісі, Игорь Кулиш – қақпашылар жаттықтырушысы, Юрий Свидрицкий – дәрігер, Александр Шапкин – массажшы, Диас Оразбаев – менеджер, Максим Шауберт – әкімші.