Ел чемпионатының бірден екі кездесуі Еуропа Лигасына байланысты кері шегерілді.

Бұл туралы ҚФЛ сайты мәлімдейді: «Ақтөбе» мен «Астана» клубтарының Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне дайындығына байланысты Премьер-Лиганың 23 туры аясында өтетін «Ордабасы» мен «Қайратқа» қарсы кездесуді кейінгі шегеруді шешті. Жаңа уақыт бірер күннен кейін белгілі болады».

Естеріңізге сала кетейік, 21-ші тамыз күні Еуропа Лигасы аясында «Астана» мен «Вильярреал», «Ақтөбе» мен «Легия» кездесулері өтеді.