Зарина Диас WTA аясында өтіп жатқан Connecticut Open турнирінің іріктеу кезеңінде алғашқы айналымда жеңіліп қалды.

Іріктеудің ширекфиналында қазақстандық теннисші әлемнің 62-ші ракеткасы румыниялық Ирина-Камелия Бегумен кездесті. Зарина оны жақында Цинциннатидегі турнирде жеңіп кеткен еді. Алайда бұл жолы сәттілік румыниялыққа жолдас болды. Диас қарсыласына екі сетте жол берді – 6:7 (6:8), 1:6.