Еуропа Лигасы аясында өтетін «Астана» - «Вильярреал» кездесуінің билеттері сатылымға шықты, деп хабарлайды клубтың рсеми сайты.
Билеттер 4 санатқа бөлінген:
1 санат - W3 - W7 сектордағы жұмсақ орындар, құны 3 000 тг.
2 санат - батыс (кәдімгі орындықтар) пен шығыс мінбелер. Бағасы 2 000 тг
3 санат - екінші қабаттағы барлық секторлар. Бағасы 1000 тг
4 санат - бұрыштағы және қақпа артындағы секторлар. Билет құны 500 тг.
Билеттерді «Астана Арена» спорт кешенінің маңынан және «Меломан» сауда дүкендерінен алуға болады.
Комментарии