Жүз жылдық тарихы бар аргентиналық  «Сан -Лоренсо» клубы тұңғыш рет  Либертодорес кубогының иегері атанды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Аргентиналық команда қос кездесу нәтижесі бойынша парагвайлық «Насьональдан» басым түсті. Парагвай астанасы Асунсьонда өткен алғашқы ойында қарсыластар  1:1 есебімен  тең ойнады. Ал   Буэнос –Айрестегі  қарымта матчтың тағдырын жалғыз доп шешіп кетті.  Бұл голды кездесудің 35- минутында он бір метрлік айып добын дәл орындаған Нестор Ортигоса салды.  Енді аргентиналық команда клубаралық әлем чемпионатында өнер көрсететін болады.