Ресейлік «Зенит» сапын жаңадан толықтырған Хави Гарсия дайындық жұмыстарын бастап кетті, деп хабарлайды championat.com.
 
Испандық футболшы англиялық «Манчестер Сити» командасынан Ресейге жуырда ғана ауысқан. Келісімшарт мерзімі 2018/2019 жылға дейін жоспарланған. 
 
Естеріңізге сала кетейік, Хави Гарсия Англия чемпионатында 71 кездесу өткізіп, 2 мәрте көзге түскен.