Алматылық «Қайрат» клубының бас директоры Мәлік Күшәлев «PROСПОРТ» тілшісіне берген сұхбатында Бауыржан Исламханның басқа командаға ауысады дегенді жоққа шығарды.

- Исламханның «Зенитке» кететіні рас ба?

- Жоқ, бұл бос сөз.

- Оған шетел клубтары қызығушылық танытып жүр ме?

- Ол туралы ресми ешкім бізбен байланысқан жоқ. 

Естеріңізге сала кетейік, отандық басылым беттерінде Бауыржан Исламхан ресейлік «Зенитке» 2,5 млн еуроға ауысады деген ақпарат шыққан болатын.