Еуропа лигасының плэй-офф  кезеңіндегі «Ақтөбе» мен «Легия» кездесуінде қызмет ететін төрешілер бригадасы анықталды.

Матчтың бас төрешісі боп ресейлік Алексей Еськов тағайындалды. Оған Дмитрий Мосякин мен Валерий Данченко көмектеседі. Төртінші қазы – Михаил Вилков.

Ойынның инспекторы валлиялық Роджер Гиффорд болмақ. Ал матчтың делегаты – Сергей Ильич.

Естеріңізге сала кетсек, «Ақтөбе» мен «Легия» арасындағы матч 21 тамызда Ақтөбедегі Орталық стадионда өтеді. Ойын Астана уақытымен 21:00-де басталады.