Испаниялық Томми Робредо сенсациялы түрде әлемнің бірінші ракеткасын жеңіп кетті.

Джокович Цинциннатидегі турнирдің ширекфиналына шығу үшін болған кездесуде Робредоға 6:7, 5:7 есебімен жол берді. Ойын бір сағат, 47 минутқа созылды. Өзара кездесуде серб алда – 6:2.

Келесі кезеңде Томмидің қарсыласы ресейлік Михаил Южныйды ұтқан жерлесі Давид Феррер болмақ.