Колумбиялық Аурелио Хименес ФИФА-дан бір миллиард еуро алуға ниетті. Ол бұл ақшаны әлем чемпионатында қазылардың нашар жұмыс жасағаны үшін алмақ, нәтижесінде заңгер рухани зақымданған екен, деп хабарлайды euro-football.ru.

«Мен өзімді өте нашар сезіндім, жүрек соғысы бұзылып, туыстарым мені жедел жәрдем арқылы ауруханаға алып барды. Немерелерім қасымда жылап жүрді.

Мен ФИФА-мен колумбиялық сот арқылы соттасуды ұйғардым, себебі Бразилиядағы әлем чемпионатында төрешілер көп қате жіберді. Нәтижесінде көп ел жапа шекті, оның ішінде Колумбия да бар», - деді Хименес.