Сайыс қазан айының басында Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.

Футзалдан Құрлықаралық кубок ФИФА аясында 2004 жылдан бері болады. Турнирдің өтетін уақыты шамамен 1-5 қазанға қойылады. Аталмыш сайысқа алматылық «Қайрат», мәскеулік «Динамо» және тағы 4 команда қатысады. Командалардың толық тізімі кейінірек анықталады.

Кубок осы жазда өтуі керек болатын, алайда командалардың бас тартуына байланысты өтетін уақыты ауыстырылды.