Ярослава Шведова испаниялық теннисші Анабель Медина Гарригеспен бірге WTA аясында Цинциннатиде өтіп жатқан Western & Southern Open турнирінің жұптық сайысында ширекфиналға шықты.

Екінші айналымдық матчта Шведова мен Медина Гарригес зимбибвелік Кару Блэк пен үндістандық Сания Мирзаны екі сетте жеңді – 6:3, 6:3.