Жаңасібірде өтіп жатқан А. И. Белосоховты еске алуға арналған турнирде «Снежные Барсы» «Кузнецкие Медведи» командасына буллит сериясы бойынша жол берді.

Бәрі Ғалым Мамбеталиев шәкірттері үшін жақсы басталды – Артем Лихотников пен Павел Поздняковтың голдары арқасында 2:0 есебімен жеңіп жатты. Алайда үзілістен кейін жаңакузнецтіктер таразы басын теңестіріп тастады.

Үшінші жиырма минуттықта командалар бір-бір шайбадан салды, финалдық сирена тең есепті тіркеді – 3:3. Овертайм жеңімпазды анықтай алмады, ал матчтан кейінгі буллит сериясында «Кузнецкие Медведи» дәлдік танытты – 2:1.

Жаңакузнецтіктер бес ұпаймен турнир кестесінің көшбасшысы атанды, ал «Снежные Барсы» – төрт ұпай.

 

«Кузнецкие Медведи» (Новокузнецтік) – «Снежные Барсы» (Астана) 4:3 Б (0:2, 2:0, 1:1, 0:0, 1:0)