«Атырау» футбол клубы мен Қазақстан құрамасының орталық қорғаушысы Ренат Абдулин Тәжікстанға қарсы жолдастық кездесудің нәтижесіне көңілі толатынын айтты, деп хабарлайды «PROCПОРТ» тілшісі.

– Бас бапкеріміздің айтуынша, кей мүмкіндігімізді пайдалана алдық, кейбірінде қолымыздан келмеді. 50 де 50. Менің ойымша, жақсы ойнадық, 2:1 есебімен ұтып, көп шабуыл жасадық. Алайда бапкердің тактикалық ойларын кей сәттерде орындай алмадық.

– Құрамамыз үш қорғаушымен ойнады, бұл көңіліңізден шықты ма?

– Жеке өзіме ұнады. Ойнауға ыңғайлы және қолайлы. Үш қорғаушымен қалай ойнау керектігін «Шахтер» көрсетті.

– Жалпы құрамамыз ЕУРО-2016 іріктеу кезеңінің басталуына дайын ба?

– Иә. Команда дайын.