«Милан» ресми сайтында мадридтік «Реалдың» қақпашысы Диего Лопеспен төрт жылдық келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

Қақпашының «россонери» сапына ауысқанын Испания астанасының клубы да ресми мәлімдеді. Естеріңізге салсақ, «Реал» Лопесті тегін жіберді, алайда бір ғана талап бар – маусым аяғында Диего сәтті өнер көрсетсе, мадридтік клуб бонус алады.

Лопестен бөлек, «Миланға» колумбиялық қорғаушы Пабло Армеро келді. Ол «Наполиден» 2015 жылдың 30 шілдесіне дейін жалға алынды.