Ярослава Шведова испандық Анабель Медина Гарригеспен бірге Цинциннатиде өтіп жатқан WTA Western & Southern Open додасының жұптық сынында екінші айналымына шықты.

Алғашқы кезеңде Шведова мен Медина Гарригес неміс Андреа Петкович пен словакиялық Магдалена Рыбарикованы тізе бүктірді – 6:4, 6:4.