Жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионы Эміл Ідрісов дүйсенбі күні Алматы қаласындағы жергілікті емхананың бірінде көз жұмды, деді дәрігер Туйчи Абдуллаев newskaz.ru сайтына.

«Эміл дүйсенбі 11 тамыз күні сағат 22:30-да Алматыдағы жеке емханада қайтыс болды. Ол өмірі үшін 30 күннен астам уақыт күресіп келген болатын. Бізге белгілі ақпарат бойынша, ол есінен танып, миына қан кеткен», — деді Абдуллаев телефон арқылы.

Түрлі БАҚ өкілдерінің мәлімдеуінше, 15-жасар Ідрісов Президент Кубогы жарысынан кейін есін жоғалтқан. 4-ші шілде күні Үш-Қоңып ауылында ауыр халде ауруханаға жеткізілген.