Қазақстан ММА құрамасының бас бапкері Баян Жанғалов команданың алтын медальді барынша көбірек жеңуге тырысатынын айтты, деп хабарлайды bnews.kz.

«Біріншіден біз фаворит болғандықтан барынша көп медаль жеңіп алуға тырысамыз.  Жиынға құраманың барлық мүшелері мен қосымша бізді үлкен халықаралық жарыстарда таныта алатындарды шақырдық. Барлығы 24 адам жиынға қатысуда. 65 келіде Сергей Морозов, 70 келіде екі үміткер бар: Азамат Бахытов пен Дмитрий Ермолаев, 77 келіде Шавхат Рахмонов, 84 келіде Дәурен Ермеков, 92 келіде Мүрат Абдұрахманов және де ауыр салмақтағы Магомед Сулейманов пен Евгений Тургаджиевке басты назарды аударамыз. 

Қазір, физикалық және кәсіпқой дайындыққа арналған жиынның алғашқы кезеңі өтуде. Барлығы екінші жиында шешілетін болады. Арасында сәл демалыс болады. Сосын дайындықты қайта бастаймыз. Ол кезде әр спортшыны жеке дайындаймыз», - деді Жанғалов.