Америкалық боксшының қорғуашысы Джош Дабин Абель Санчестің шәкірті танымалдығы жөнінен Андре Уордтан асып түсті деген пікіріне келіспейтіндігін жеткізді, деп мәлімдейді Ringtv.com.

«Анығы, Санчес Big Bear тауында таза ауамен көп дем алады. Қайта қайта шындыққа жанаспайтын сөздерді айтудан жалықпайды. Оның Головкин Уордқа қарағанда танымал деген сөзі - шындыққа түк қатысы жоқ. Менің білуімше, Абель Санчес — менеджер емес бапкер және оның бұл салаға қатысы жоқ. Сондықтан бұл бос сөз», - деді Дабин.