«МЮ» Чили құрамасының жартылай қорғаушысынан әлі де бас тартпады, деп хабарлайды Beln Sport.

Дереккөздің мәлімдеуінше, «қызыл сойқандар» Чичарито және тағы бір ойыншысын «Ювентусқа» жіберсе ғана «Кәрі Сеньора» Артуромен қоштасуға дайын. Бұған дейін, манчестерлік клуб 27 жастағы Видальмен жеке келісім-шарт туралы келісіп, 45 миллион еуро беруге дайын екенін хабарланған.