Қазақстандық «Барыс» хоккей командасы Новокузнецк қаласының «Металлург» клубын ұтып, финалға шықты.

Есепті алғашқы болып «Металлург» сапынан 6-шы минутта Илья Мусин ашты. Ал, 4 минуттан кейін «Барыс» клубының шабуылшысы Дастин Бойд есепті теңестірді.

«Барыс» Астана - «Металлург» Новокузнецк – 6:2 (2:1; 4:1; 0:0)

05:22 – 0:1 – Илья Мусин09:14 – 1:1 – Дастин Бойд (Боченски)13:54 – 2:1 – Майк Ландин (Даллмэн, Боченски)21:02 – 2:2 – Михаил Куклев (Комаристый, Камалов)23:35 – 3:2 – Брэндон Боченски (Бойд)28:44 – 4:2 – Роман Старченко (Даллмэн)30:56 – 5:2 – Дастин Бойд (Боченски, Лацо)36:19 – 6:2 – Роман Старченко (Блохин, Даллмэн)

Қақпашылар: Еремеев, Лацо – Полошков, Ложкин.

Енді «Барыс» Президент Кубогының финалында омбылық «Авангард» командасымен кездеседі. Бұл ойынды сағат 19:00-де «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.