Аргентиналық «Монако» сапына ауысудан бас тартты, деп хабарлайды sports.ru.

26 жастағы мадридтік «Реалдың» жартылай қорғаушысы Анхель ди Мария монаколықтардың сапына ауыспайды. Жақында князьдік клуб хавбек үшін 55 миллион еуро беруге дайын екенін хабарлаған болатын.

Ди Марияны өз қатарында тағы бір француз клубы «ПСЖ» көргісі келген еді, алайда париждіктер қаржылық фэйр-плей ережесін бұзғандықтан, осы трансферді аяқтай алмады.