Француз қорғаушысы англиялық «МС» командасына ауысты, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

23-жастағы Эльяким Мангала «қалалықтармен» 5 жылдық келісімшартқа отырған. Британ басылымдарының хабарлауынша, трансфер құны 30 миллион евроны құраған. Мангала жаңа командасында 20 нөмермен өнер көрсетеді.