Александр Поветкиннің бапкері Иван Кирпа ИТАР-ТАСС-қа берген сұхбатында шәкіртінің Владимир Кличкомен қайта жұдырықтасқысы келетіні жайлы айтты.

«Александрдың міндеті – мықты боксшылармен жекпе-жекке шығып, әлем чемпионы атану. Кличкодан кеткен есені алатын мүмкіндік туады ма, оны айту қиын. Бірақ Александр қайта жұдырықтасқысы келеді», - деді Кирпа.

Естеріңізде болса, өткен жылдың 6 қараша айында Поветкин әлем чемпионы атағы үшін болған кездесуде Кличкодан ұтылып қалған болатын.