Бұл күндері Шымкентте оқу-жаттығу жиынын өткізіп жүрген Қазақстан жастар құрамасы Қырғызстанның олимпиялық құрамасынан 3:1 есебімен басым түсті, футбол федерациясының ресми сайты.

Есепті Тоқтар Жаңғылышбай ашып, көп ұзамай өзі таблодағы көрсеткішті 2:0-ге жеткізді. Бұдан кейін үзіліске дейін есеп өзгерген жоқ.

Екінші таймда ойын тізгінін өз қолдарына алған қырғыздар Авазбек Откоев соққан голдың арқасында есеп айырмашылығын қысқарта алған. Алайда, Саулюс Ширмялис шәкірттері ойын соңына таман тағы бір гол соғып, кездесуге нүкте қойды. Гол соққан «Ақтөбе» шабуылшысы Абат Айымбетов болатын.

Естеріңізге сала кетейік. Қазақстан жастар құрамасы «ЕУРО-2015» іріктеу додасында өз тобында үшінші орында келеді. Келесі кезеңге жолдама алу мүмкіндіктері зор. «ЕУРО-2015» аясындаңы соңғы кездесуін жерлестеріміз Астанада Францияға қарсы өткізеді.