Тараз қаласында өткен республикалық II жазғы ауыл ойындарында Оңтүстіктің құрамасы бірінші орыннан көрінді, деп хабарлайды otyrar.kz сайты.

Аталмыш жарысқа 1997-1999 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер спорттың 9 түрі бойынша 46 медаль жиынтығын сарапқа салды. Додаға жалпы саны 1304 спортшы қатысты.

Оңтүстіктің спортшылары қыздар арасындағы волейболдан, таэквандо мен еркін күрестен командалық есепте алтыннан алқа тақты. Ал шағын футбол мен ұлдар арасындағы волейбол және еркін күрестен күміс медальға ие болды. Облыс қоржынына 199 ұпай салынып, жерлестеріміз жалпы есепте бірінші орынды жеңіп алды. Ал алаң иелері болса Оңтүстіктің командасынан 5 ұпайға артта қалды. Алғашқы үштікті алматылық спортшылар қорытындылады.