Президент Кубогының екінші ойын күнінде елордалық «Барыс» «Авангардқа» жол берді.

Әр кезеңде бір-бір шайбадан соғылды. Алғашқы периодта «Авангард» хоккейшісі Александр Пережогин есепті ашты. Екінші кезеңде «Барыс» сапынан команда каптинаы Брэндон Боченски көзге түсіп, таразы басын теңестірді. Алайда елордалықтар те есепті ұстап тұра алмады. Соңғы периодта «Авангард» ойыншысы Эрик Густаффсон «Барыс» қақпасын дәл көздеп, командасына жеңісті сыйлады.

 

«Барыс» (Астана) – «Авангард» (Омск) 1:2 (0:1, 1:0, 1:0)

0:1 – Пережогин (Кулик) – 18:51,1:1 – Боченски (Ландин) – 31:54, 1:2 – Густафссон (Попов, Пережогин) – 46:34

Қақпашылар:  Лацо – Костин