Қазақстан Президенті Кубогы аясында омсктік «Авангард» пен нижнекамсктік «Нефтехимик» арасындағы кездесуі Кристиан Кудрочтың ауыр жарақат алуына байланысты уақытынан бұрын аяқталды.

Оқиға матч басталғаннан кейін 26-шы минутта орын алды. «Нефтехимик» хоккейшісі Ярослав Альшевсковтың күшті соққысынан кейін Кудроч ауыр жарақаттанып қалды.

«Кристиан Кудроч мұз үстінде соққы алып, киім шешетін бөлмеге баратын жолда есінен танып қалды. Тек емханаға жеткізілгеннен кейін есін жиды, қазір Крис әр түрлі қимылдарға жауап береді», деп жазыпты «Авангардтың» Твиттердегі ресми парақшасы.

Әзірге матчты аяқтау немес қайта ойнау туралы ақпарат жоқ.