«Арсенал» мен «Барселона» Вермаленнің трансфері бойынша келісімге келді, деп хабарлайды каталониялық клубтың ресми сайты.

Бельгиялық қорғаушы барселоналықтармен 5 жылдық келісім-шартқа отырды. Келісімнің қаржылық жағы хабарланбады. Вермален каталониялық клуб сапында 23-ші нөмірмен ойнайтын болды.