Тамыздың 19-да Алматыда ватерполдан әлем кубогының кезеңі өтеді, деп хабарлайды Хабар арнасы.

Бұл сынға Оңтүстік Африка мен Сербия, Австралия, Черногория, Хорватия мен Венгрия сондай-ақ АҚШ пен Қазақстан құрамалары қатысады. Бұған дейін Румынияда өткен жарыста Сербия су добы шеберлері топ жарған болатын. Хорваттар екінші орынды иеленсе, Испания қола медальды қанағат тұтқан еді. Алматыдағы кезеңде негізгі тартыс осы командалардың арасында өтуі әбден мүмкін. Қазақстан құрамасының 90 пайызын Команданың ойыншылары құрайтыны белгілі. Сергей Дроздовтан тәлім алатын су добы шеберлері дайындықтарын пысықтау үстінде.

«Жергілікті жанкүйерлер алдында намысқа тырысып, азулы қарсыластарды аяқтан шалып қалуды ойлаймыз. Жүлденің ауылы алыс. Дегенмен қола медальға қол жеткізіп жатсақ, бұл біздер үшін үлкен табыс», - дейді ұлттық құраманың бас бапкері Сергей Дроздов.