«Астана арландары» бокс сериясының бесінші маусымының алғашқы кездесуін кубалық командаға қарсы өткізеді.

Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) 2014 жылғы IV маусымының жеңімпазы кубалық «Cuba Domadores» клубы мен 3-ші маусымының жеңімпазы, 4-ші маусымның жартылай финалисі еліміздің «Астана арландары» бокс клубы Астанада жекпе-жек өткізеді.

Жекпе-жек екі күнге созылып, әр күні 5 салмақтағы боксшылар жұдырықтасады. Кездесу қыркүйек айының 9 және 10 күндері «Дәулет» спорт сарайында өтеді.