«Барселонаның» жаңа ойыншысы Томас Вермален каталондық клубта болатын қысымды көтере алатынын айтты.

Сенбі күні «Барселона» Вермаленнің «Арсеналдан» ауысқанын хабарлады. Бельгиялық қорғаушы үшін каталондықтар 15 миллион фунт берген.

«Барселонада» ойнау – көп футболшының арманы. Әлемнің үздік футболшыларымен бір клубта ойнау – мен үшін үлкен құрмет. Солармен жаттығу жасау арқылы өз ойынымды жақсарта аламын. Маған қандай да бір қысым түседі деп ойламаймын. Мен «Арсеналда» өнер көрсеттім, сондықтан ештеңе өзгере қоймас», - деді Вермален «Барселонаның» ресми сайтына.

Өткен маусымда Томас «Арсенал» сапында 14 матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берді.