Алматылық «Қайраттың» қорғаушысы Жарко Маркович жарақатынан айығып, жаттыға бастады.

Бұл туралы «PROСПОРТ-қа» клубтың баспасөз қызметі хабарлады. Дереккөздің мәлімдеуінше, Маркович жаттығуын бастады, бірақ әзірше тек командадан бөлек.

Естеріңізге сала кетсек, 27 жастағы қорғаушыға еуропалық ауруханалардың бірінде ота жасалды. Осы маусымда Маркович 13 матчқа қатысып, 3 гол соқты.