Астанада ITF аясында өткен ерлер арасындағы Kazakhstan F11 Futures халықаралық турнирі мәресіне жетті.

Сайыстың қорытынды күнінде жеке сайыстың финалында азиялық құрлықтың қос өкілі кездесті – үндістандық Н. Сириам Баладжи мен қытайлық Тайпейдің теннисшісі Хуан Лян-Чи. Бұл жекпе-жекте үндістандық спортшы қарсыласын екі сетте тізе бүктірді – 6:3, 6:2.