ITF аясында Астанада өткен халықаралық әйелдер арасындағы турнирдің жеке сайысының финалында екі украиналық теннисші жолықты – Алена Сотникова мен Анна Шкудун.

Сотникова мен Шкудун бір апта бұрын Қазақстан астанасында өткен осындай турнирдің финалында ойнаған болатын. Осы жолғы украиналық қос теннисшінің теке-тіресінде Сотникова екі сетте жеңімпаз атанды – 6:4, 6:0.