2014 жылдың 8 тамызында өткен Тәртіптік-бақылау комитетінің отырысында «Гефест» футбол клубы осы маусымдағы Бірінші лига командалары арасындағы біріншілікті жалғастырудан бас тартқанына байланысты аталмыш турнирден шығарылды. 

Бірінші лиганың қалған матчтарында «Гефест» футбол клубына 0:3 есебімен жеңіліс тіркелсе, оның қарсыластары автоматты түрде 3:0 есебімен жеңіске жетеді.