Қызылордалық «Қайсардың» ойыншысы Рақымжан Розыбакиев «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне берген сұхбатында ұлттық құрама сапына шақырту алғанына сенбегенін айтты.Шақырту аламын деп күтпедім, - деп бастады Рақымжан. – Меніңше, әрбір ойыншы үшін ұлттық құрама сапында өнер көрсету - мәртебе. Қазірде ОЖЖ қызықты өтіп жатыр, бас бапкер жаңа ойыншылармен танысуда. - Тәжікстанға қарсы жолдастық кездесуде ұлттық құрама сапындағы алғашқы ойынызды өткізуіңіз мүмкін...- Иә, алғашқы ойынымды Тәжікстанға қарсы кездесуде өткізгім келеді. Бұл мен үшін үлкен тәжірибе болар еді.- Юрий Красножан жайлы пікіріңіз қандай?- Өте тәжірибелі бапкер екені көрініп тұр. Жаңадан көп нәрсе үйрендім. Бапкердің нұсқауын тындап, екі етпей орындауға тырысудамын. - Биылғы маусымды тамаша өткізіп жатырсыз...- Келісемін. Бұл менің үздік маусымым.- «Қайсар» биылғы маусымда жақсы нәтиже көрсетуде. Себебі неде деп ойлайсыз? - Оқу-жаттығу жиынын басталды бәрі. Алдымызға биік мақсаттар қойылды. Сондай-ақ, бас бапкердің барлық нұсқауын сәтті орындап жатырмыз.