Ақтауда мүгедектер арасында жағажай волейболынан халықаралық турнир басталды, деп мәлімдейді 24.kz арнасы.

Үш күнге жалғасатын байрақты бәсекеде Словакия, Ресей және Қазақстан спортшылары бақ сынауда. Жарыс үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Мұнда 6 команда сынға түседі. Барлығы да намысты қолдан бермеуге тырысады.

Айта кетейік, ақтаулық құрама халықаралық деңгейде талайды тізе бүктіріп, жүлделі орындарды иеленіп жүр. Аталған топ бұл жолы да жеңімпаз атануға ниетті.

 Нұралы Құлышев, Маңғыстау облыстық мүгедектер спорт клубының директоры:

- Біз биыл майда Анталияда өткен жарыста 2-орын алдық, онда 6 команда қатысты. Сосын Германиядағы жарыста 3-орын иелендік. Онда 8 топ қатысты. Ақтау командасы Қазақстандағы ең мықты топ деп есептейді.

Хелена Ханкова Словакия құрама командасының бапкері:

- Қазір біздің құрама ақтаулық спортшылармен ойнап жатыр. Қарсыластарымыз осал емес. Жалпы маңғыстаулық команда халықаралық көптеген жарыста жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Сондықтан біздің топ намысты қолдан бермеуге тырысады.