УЕФА-ның мәліметтеріне сәйкес, «Астана» Еуропа лигасының іріктеу сынында ең көп гол салған командалардың үздік бестігіне енді.

Бұл тізімде екінші раундтан бастап, 4 ойын ғана өткізген және соған қарамастан 17 гол салған ресейлік «Краснодар» көш бастап тұр. Екінші орынға словакиялық «Спартак» жайғасты. Үздік үштікті норвегиялық «Тромсе» түйіндеді.

1. «Краснодар» (Ресей) - 17 гол (4 ойын);

2. «Спартак Трнава» (Словакия) - 15 гол (6 ойын);

3. «Тромсе» (Норвегия) - 14 гол (6 ойын);

4. «Стьярнан» (Исландия) - 13 гол (6 ойын);

5. «Астана» (Қазақстан) - 13 гол (6 ойын).

Еске сала кетейік, «Астана» үшінші кезеңде шведтің «АИК» командасын екі ойын қорытындысы бойынша 4:1 есебімен жеңді.