Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен австралиялық Дэниел Гилл арасындағы жекпе-жек НВО арнасындағы ең көп тамашаланған ондыққа енген, деп хабарлайды newtimes.kz сайты.

Аталмыш кездесудің НВО теларнасындағы ауқымдылығы 984 мың адамды құраған. Бұл осы жылдағы тоғызыншы көрсеткіш. Тамашалағандар саны тіпті 1,048 миллионға дейін жеткен. Ал бұл рейтингте Хулио Сезар Чавес пен Брайан Вера жекпе-жегі көш бастап тұр.