Швейцариялық Ньон қаласында УЕФА Еуропа лигасының плэй-офф кезеңіндегі «Ақтөбе» мен «Астананың» қарсыласы анықталды.

«Ақтөбе» бұл сында польшалық «Легиямен» кездеседі. Ал елордалық «Астананың» қарсыласы испаниялық азулы «Вильярреал» болмақ. Қос қазақстандық клуб та алғашқы матчтарын өз алаңында өткізеді.

Естеріңізге сала кетсек, алғашқы ойын 21 тамызда өтсе, қарымта матч сол айдың 28 жұлдызында болады.