«ҚазРосГаз» компаниясының қарамағындағы «Қайрат» футбол клубының 30 пайыз үлесі жеке меншікке өтеді. Бұл туралы «Қайрат» футбол клубының төрағасы Мәлік Күшәлиев арнайы ұйымдастырылған баспасөз маслихатында мәлімдеді. «Қайрат» футбол клубы өз дамуының келесі кезеңіне өтті. Команданың 30 пайыздық үлесі жеке-меншікке өтеді. Яғни сатып алушы команданың өркендеуіне қол ұшын тигізу керек. Мәселен бас үлескер «ҚазРосГаз» компаниясы спорттық база салып, инфрақұрылымды жаңартуға міндетті болса, жаңа үлескер клубтың кедергісіз жұмыс істеуіне жағдай жасауы тиіс», - деді Күшәлиев.«Қайрат» клубының 30 пайыз үлесі электронды онлайн-сатылым арқылы қолға өтеді. Оны кім сатып алатыны әлі белгісіз.