Михаил Кукушкин америкалық Аптоста өтіп жатқан The Comerica Bank Challenger турнирінің ширекфиналына шықты.

Екінші айналымдық матчта қазақстандық теннисші британ Джеймс Уордты екі сетте жеңді – 6:3, 6:4.

Ширекфиналда Кукушкин үндістандық теннисші Сомдев Девварманмен кездеседі.